Kazakhstan Security Systems – бұл қауіпсіздік құралдарын өндірушілердің, монтаждау және жобалау ұйымдарының, түпкілікті тапсырыс берушілердің, киберқауіпсіздік саласындағы компаниялардың, мемлекеттік органдар, күштік ведомстволар мен бейінді бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басты кездесу орны
Жыл сайын қазақстандық және халықаралық компаниялар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған мынадай техникалық құралдар мен жабдықтардың жаңалықтарын ұсынады: бейнебақылау, периметрді күзету, қол жеткізуді бақылау, киберқауіпсіздік, ғимараттарды автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелері, өрт қауіпсіздігі, құқық қорғау органдарын техникалық жарақтандыру және тағы да басқа көптеген бағыттар.
Көрмеге ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары, жобалау және монтаждау ұйымдары, қауіпсіздік жүйелерінің көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын ұйымдар және т.б. келеді.
2022 жылы
Әлемнің 8 елінен 55 компания қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдар мен жабдықтардың жаңалықтарын ұсынды
көрмеге 1536 кәсіби маман келді
іскерлік бағдарлама шеңберінде 44 спикермен 4 негізгі конференция өтті